Ағымдағы қыс мезгілінде еліміздің автожолдарында 1 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы қыс мезгілінде еліміздің автожолдарында 1 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.
«ТЖМ бөлімшелері 2011 жылы 59 мыңнан астам апаттық-құтқару шараларына шықты. Осы орайда 7 мыңға жуық адам құтқарылып, 8 мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде республиканың автожолдарындағы қар құрсауынан 2011 жылдың қарашасы мен 2012 жылдың 10 қаңтары аралығында жедел түрде 1 065 адам құтқарылып, 82 дана техника қардан шығарылды» ,-деді ресми өкіл.
Осы орайда Л. Шапошникова ел азаматтарын метеорологтардың ақпаратын назардын тыс қалдырмауды, сондай-ақ көктайғақ және боранды күндері жолға шықпауды ескертті.