Ағымдағы жыл ішінде 13,9 мың жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс ? В. Школьник

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2009 жылдың жоспарында тұрған 124 нысанды іске қосудың нәтижесінде 13,9 мың жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс.

Ағымдағы жыл ішінде 13,9 мың жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс ? В. Школьник
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде еліміз бойынша 20,2 млрд. доллардың 215 жобасы қолға алынған. «Осы жобаларға салынып жатқан қаржының 68 пайызын несие құраса, 29 пайызы жеке ресурстардың үлесінде», - деді В. Школьник. Министр атап өткендей, аталған жобалардың басым бөлігі Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарында қолға алынуда.