Ағымдағы жылдан мектеп түлектері Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуге үміткер бола алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдан мектеп түлектері Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуге үміткер бола алмайды. Бұл туралы Қаржы полициясы академиясының бастығы Сарқытбек Молдабаев мәлім етті.
None
None

«Осы жылдан бастап академияда 2 жыл 6 ай мерзімде қысқартылған оқу түріне 21 жастан асқан, заң білімі жоқ, жоғары білімі бар Қазақстан азаматтарын қабылдау жүргізіледі. Академиядағы кәсіби оқу бағдарламасы бойынша қысқартылған мерзімде білім алған уақыт еңбек ету өтіліне қосылады», - деген С.Молдабаевтың сөзін академия баспасөз қызметі таратып отыр. Оның атап өтуінше, қазіргі таңда академияда елдің түкпір-түкпірінен келген жастар білім алуда. Оқуға ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аумақтық органына қажет мамандар санына байланысты қабылданады. Сондықтан, академия түлектерінің жұмысқа орналасуына байланысты мәселесі жоқ. Өйткені оқуды бітірген жас маман өздерінің аймақтарына қызметке тұрады. «Ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектептердің түлектері енді Қаржы полициясы академиясына оқуға түсуге үміттене алмайды», - депті ол. Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кандидаттарды оқуға қабылдау үш кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде кандидаттар медициналық, психофизиологиялық және физикалық көрсеткіштері бойынша іріктеледі. Екінші кезеңде ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу жүргізіледі. Ал үшінші кезеңде мандаттық комиссия медициналық, психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша физикалық дайындық пен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге байланысты компьютерлік тестілеудің нәтижесі бойынша кандидаттарды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар