Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ана өлімі 30, сәби өлімі 15 пайызға төмендеді

АНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ана өлімі 30, сәби өлімі 15 пайызға төмендеді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ана өлімі 30, сәби өлімі 15 пайызға төмендеді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Толықтай алғанда қолданылған жүйелі шаралар бірінші тоқсанның өзінде ана өлімін 30, сәби өлімін 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тиімді перинаталдық технологиялар мен бағдарламалармен медицина қызметкерлерін оқыту мақсатында өңірлік оқу орталықтарын құру жұмыстары қолға алынған.

«Сонымен қатар министрлік жаңа перинаталдық технологияларды енгізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, босануға көмек беруді ұйымдастыру сынды міндеттерді жалғастыратын болады», - деді Денсаулық сақтау миинстрі.