Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекетке келтірілген 31,8 млрд. теңге шығын өтелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекетке келтірілген 31,8 млрд. теңге шығын өтелді. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алдын алу жұмыстары және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абзал Байманов мәлім етті.
«Біз үш мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылықты тергедік. Оның ішінде экономикалық қызмет саласына қатысты 1816 қылмыс тіркеліп отыр», - деді А.Байманов 2016 жылдың 1 тоқсанындағы экономикалық тергеу қызметі жұмысының нәтижелерін жария ете келе.
Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған шығын сомасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 есе артып, 79,4 млрд. теңгені құрады. Ал тыйым салынған мүлікті қоса есептегендегі өтелген шығын 13 еседен астамды құрап, 2,4 млрд. теңгеден 31,8 млрд. теңгеге дейін артты.