Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» БӨ» 6 миллион тоннадан астам мұнай өндірді
ТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 6 311 000 тонна (тәулігіне 258 мың баррель) мұнай өндірді. Бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 216 мың тоннаға немесе 3 пайызға кем, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Бұл көрсеткіштер компанияның CCEL Қаражанбасмұнай, «ПетроҚазақстан Инк.» және «Қазгермұнай БК» ЖШС-індегі үлестерін есепке ала отырып жасалған», - делінген хабарламада.