Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 7,1 пайызды құрады
АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Статистика агенттігінің ресми мәліметтері бойынша қараша айында инфляция 0,8 пайызды құрады, ал осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 7,1 пайызды
Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы - 1,2 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0,6 пайызға, ақылы қызметтер 0,4 пайызға өскен. Азық-түлік тауарлары тобында ең жоғары мөлшерде, жұмыртқа - 5,4 пайызға, май өнімдері - 3,0, көкөніс пен жеміс - 2,5, сүт өнімдері - 1,6, қант 1,5 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарларында қатты отын 3,3 пайызға, қысымдалған газ бен дизель отыны 1,3 пайызға, киім мен аяқ қиім 0,6 пайызға қымбаттаған. Ақылы қызмет көрсету бойынша тұрғын үй құрылысы қызметі 0,6 пайыздық өсім көрсеткен. Оның ішінде ыстық су - 1,1, құбыр желісі бағасы 0,8 пайызға қымбаттаған.
Жалпы ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 7,1 пайызды құраған. 2009 жылғы сәйкес мерзімде 5,6 пайыз мөлшерінде болған еді.