Ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2 есеге артты - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылдың 2-шi тоқсандағы халық табысының дифференциациясына сәйкес, ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен үй шаруашылықтарының үлесі ағымдағы жылғы 2 тоқсанда 8,2 пайызды құрады.
None
None

Бұл көрсеткіш 2009 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,4 пайыздық тармаққа төмен. Тоқтала кететін жайт, Статистика агенттігі аталған қорытындыға 12 мың үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша келіп отыр.

Агенттік өз зерттеулеріне сүйене отырып, сондай-ақ тұрмыс деңгейінің аймақтық сипаттарын қарастыра келіп, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары сияқты аймақтарда кедейліктің ең көп төмендеуін атап өтеді. Бұдан бөлек, кедейліктің ең жоғарғы деңгейі бар аймақтардың қатарына Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары кірді. Бұл өңірлердегі көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7 -1,2 есеге асып түскен.

Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жерлердегі табыстардың айтарлықтай дифференциациясы сақталуда. 2 тоқсанда ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2 еседен де асып түскен.

Соңғы жаңалықтар