Ағымдағы жылдың 3 айында республикада ана өлімі 21,3 пайызға, бала өлімі 10 пайызға төмендеді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - «Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Министр Салидат Қайырбекованың төрағалығымен селекторлық режімде ана мен бала өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді азайтуға бағытталған

Ағымдағы жылдың 3 айында республикада ана өлімі 21,3 пайызға, бала өлімі 10 пайызға төмендеді

жедел іс-шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы болып өтті», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырысқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты. Қазақстанда денсаулық сақтау саласының басты бағыты ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Елімізде әйелдер мен балаларға профилактикалық тексерулер жүйелі жүргізіліп келеді. Олар қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, қосалқы репродуктивтік технологиялар дамуда. 

Ағымдағы жылдың 3 айында республикада ана өлім-жітімі 21,3 пайызға, бала өлім-жітімі 10 пайызға төмендеді. Айта кететін жәйт, бала өлім-жітімі еліміздің барлық өңірінде байқалады. Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала өлімін төмендету бойынша жүйелі

іс-шаралар шеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларға диспансерлік қадағалауды күшейтті. Жүкті әйелдердің жағдайларына мониторинг, босанғанға дейінгі кезеңде генетикалық ауруларға және туа біткен даму ақауларына скрининг жүргізіліп, халықаралық технологиялар енгізілуде.    

Санитарлық авиация үйлестіру орталығы 2012 жылдың 3 айында 160 рет ұшты. Оның ішінде 74 жүкті және босанған әйелге, 27 жаңа туылған сәбиге қызмет көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі жүкті және босанған әйелдердің  жағдайына күн сайын мониторинг жасайды. Бұл өз кезегінде өлім-жітімнің алдын алуға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға төмендеді. Осы дерттен болатын өлім-жітім құрылымында өткір инфаркт миокарды 40 пайызды құрайды және олардың көпшілігі үйде тіркеледі.