20:15, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
Ағымдағы жылдың 4 айында азаматтардың еңбекақыларын өндірумен байланысты 311 істің 295-і қанағаттандырылды
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2009 жылдың 4 айында жалақы төлеу және жалақы өндіріп алуға қатысты 311 азаматтық іс қаралып, оның 295-і қанағаттандырылды.

Бұл мәліметтермен бүгін апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, еңбекақыны өндірумен байланысты істердің ең көбі Шығыс Қазақстан облысында - 144, Алматы қаласында - 61, Ақтөбеде - 27, Қарағандыда - 21, Алматы мен Жамбыл облыстарында 18 іс сотта қаралған. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып айтатын болсақ, қазір қарыздары бар кәсіпорындардың саны елде 216-дан 198-ге дейін кеміді. Ал қаржы жағына келгенде, кәсіпорындардың қарыздары 2 миллиард теңгеден 1,19 миллиардқа дейін азайды», - деді ресми өкіл.