Ағымдағы жылдың 5 айында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5 айында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, жыл соңына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар мен аз қамтамасыз етілген 154 мың адамды «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр.

«Ағымдағы жылдың 5 айында біз 40 мыңнан астам азаматты «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырдық», - деді Т.Дүйсенова.

Министрлік деректеріне қарағанда, бес айда бағдарлама аясында жұмысқа тартылғандардың 64,9 пайызы жұмыссыздар болса, ал 33,6 пайызы - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Сонымен қатар бағдарламаға балалар мен жастардың белсенді қатысуы байқалады. Олардың үлесі сәйкесінше 48 және 46 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар