Ағымдағы жылдың 8 айында ішкі істер органдары есірткі қылмысына қатысты 6 мың оқиғаны анықтады

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың 8 айында ішкі істер органдары есірткі қылмысына қатысты 6 мың оқиғаны анықтады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов мәлім етті.

Ағымдағы жылдың 8 айында ішкі істер органдары есірткі қылмысына қатысты 6 мың оқиғаны анықтады

Оның атап өтуінше, осы аралықта заңсыз айналымнан 18 тонна 700 келі есірткі заты тәркіленген. Оның 70 келісі есірткінің ең ауыр түрі - героиын болып отыр.

«Ағымдағы жылы біздің есірткіге қарсы күрес бөлімшелеріміз 5 ұйымдасқан қылмыстық топты және 83 есірткі трафигінің арнасын жойды», деді. Ж.Сүлейменов.