18:15, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Ағымдағы жылдың аяғына дейін елордада 100 нысан тапсырылатын болады ? И. Тасмағамбетов
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов құрылыс компанияларының алдына осы жылдың аяғына дейін 100 нысанды пайдалануға беру міндетін қойды.
Бұл жөнінде ол бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз халқына арналған «Дағдарыстан ? дамуға» атты Жолдауы талқыланған қала активімен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Еліміз құрылыс секторын қолдауға арнап мемлекет бөлген 545 млрд. теңгенің 107 млрд. теңгесі Астанаға тиді», ? деді қала басшысы. Ол сонымен қатар, әкімдіктің инфляциялық үдерісті ұстауға және елорданың айналасында азық-түлік шеңберін құруды тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге бақылаудың жүргізіліп отырғанын атап өтті. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің жоғары деңгейі ? тағы бір басым бағыт, оған қалалық әкімдік жете көңіл бөлетін болады. Қаланың ішкі істер департаментіне қылмыстық іс-әрекеттің, алаяқ фактілерінің және заңға қайшы қимылдардың қатаң алдын-алу тапсырылды.«Алға қойылған міндеттерді шешу барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді, жедел және тиімді жұмыстарына байланысты. Осыған байланысты, қалалық құрылымдардың бірінші басшыларына дағдарысқа қарсы алдын-алу іс-шараларын іске асыру жүктелді және алға қойылған міндеттерді тиімді пайдалануға айрықша бақылау орнатылды», ? деді ол.