Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде дайын өнімге сұраныс артты - Статистика комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2015 жылғы І тоқсанда өткен 2014 жылғы ІV тоқсанмен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өндіріс көлемінің артуын атап өткен.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде дайын өнімге сұраныс артты - Статистика комитеті

ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, бұл олардың іскерлік белсенділігінің жоғарылағанын айғақтайды.

«Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен тоқсанмен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа төмендеді. Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының көпшілігі жақын арадағы келешекте, 2015 жылғы маусымға дейiн, iскерлiк белсенділіктің өсуі күтілетінін алға тартады. 2015 жылғы І тоқсанда өткен 2014 жылғы ІV тоқсанмен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділігі төмендеді. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі (-2) пайыздық тармаққа төмендеп, (0%) құрады», - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, сұрауға қатысқандардың 73 пайызы іскерлік белсенділік 2015 жылғы маусымға дейін өзгеріссіз қалады деп болжаса, 16 пайызы жақсаруын және 7 пайыз кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын бағалаған.