Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында киіктерді заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркелді - АШМ

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында киіктерді заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркелді.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев айтты.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, 18 қаңтар күні «Майқапшағай» бекетінде кеден қызметкерлері бір азаматтың қол жүгін тексеру барысныда аюдың 4 терісін, 22 табанын, 5 басын және 1 жүрегін тәркілеген. Ал 19 наурызда Алматы облысының құқық қорғау органдарының қызмпеткерлері «Іле» бекетінде тоқтатылған көлікті тексеру барысында одан 49 қорапқа буып-түйілген 4707 дана киік мүйізін, 26 түктегі 10608 дана су тышқанының терісін, 3 қап «баймұр» тамырын тапқан.

«Жалпы киіктерді заңсыз аулау үшін жауапкершілік шараларын күшейту мақсатында комитет Қазақстанның бүкіл аумағында киікті аулауға 2020 жылға дейін тыйым салуды белгіледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар