Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында құрылыстағы бағалар 1,4 пайызға жоғарылады

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында құрылыстағы бағалар 1,4 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында құрылыстағы бағалар 1,4 пайызға жоғарылады

2011 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына - 1,2, машиналар мен жабдықтарға - 2,5, өзге де жұмыстар мен шығындарға 1 пайызға өсті.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағалары 0,2 пайызға артты.

Металл конструкциялары - 1,5, ағаш-талшықты тақталар - 1,3, болаттан жасалған жазық илек - 1,1, битумдар - 0,6, бояулар мен эмальдар - 0,5, қиыршықтас, малтатас және шақпақтас 0,4 пайызға қымбаттады.

Кірпіштер - 0,2, қыштан, бетоннан, цементтен жасалған құбырлар 0,1 пайызға арзандады.