Ағымдағы жылдың бірінші жартысында «ҚазМұнайГаз» 698 миллиард теңгенің жұмыстарын, қызметтерін, тауарларын сатып алды

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың бірінші жартысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 698 миллиард теңгенің жұмыстарын, қызметтерін, тауарларын сатып алса, оның 65 пайызын қазақстандық қамту құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының кеңейтілген кеңесі барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

Компанияның отандық мұнай-газ машиналарын жасау саласының өркендеуіне де өз үлесін қосып келе жатқандығын айтқан ол, «ҚазМұнайГаз»-дың қатысуымен қазақстандық кәсіпорындарда мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті құрал жабдықтар мен тауарлардың 325 түрі шығарылуда», деді.

Сондай-ақ Қ.Қабылдиннің атап өтуінше, компания есебінен бюджетке 419 миллиард теңге көлемінде қаржы түскен. «Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз»-дың қатысуымен түсетін салық үлесі 22 пайызды, ал Ұлттық қорға түсімінің үлесі 25 пайызды құрап отыр», деді ол өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар