Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында жеңіл өнеркәсіп саласында 3 жаңа жоба іске қосылады
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың екінші жартыжылдығында еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында үш жобаны іске қосу жоспарланған,
деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Pm.kz сайтына.
«2011 жылдың екінші жартыжылдығында 3 кәсіпорын - тері өнімдерінің өндірісі - «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС, дайын тоқыма бұйымдарының «Шымкент-Кашемир» ЖШС және тігін өндірісін жаңғырту, конструкторлық бюро құру, зертханалар ашу, индустриялық кір жуатын орындар ашу жобасын қамтыған «ЮтарияLtd» ЖШС іске қосу жоспарлануда», - делінген хабарламада.
ҮИИД бағдарламасы бойынша екінші жартыжылдықта барлығы 162 индустриялық жобаны іске қосу қарастырылған, оның үшеуі - жеңіл өнеркәсіп саласының жобасы. ҮИИД бағдарламасының аясында бұл салаға 35 млн. астам теңге инвестициялау жоспарлануда.