Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында елімізде көші-қонның оң сальдосы қалыптасты - статистика

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қаңтар-наурызда Қазақстанға келген және кеткен адамдар саны 4,7 және сәйкесінше 2,1 пайызға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында елімізде көші-қонның оң сальдосы қалыптасты - статистика

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында елімізде көші-қонның оң сальдосы қалыптасып, 4344 адамды құрады. Өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда Қазақстанға келген және кеткен адамдар саны 4,7 және сәйкесінше 2,1 пайызға артты. Еліміздегі негізгі көші-қон ауысымы ТМД мемлекеттерімен орын алуда. ТМД елдерінен келгендер және аталған елдерге кеткендер үлесі 75,2 және сәйкесінше 93 пайызды құрайды. Елімізден тысқары жерлерден келетін мигранттар саны 5,4 пайызға артты.