Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық парламенттік конференция өткізу жоспарлануда ? Мәжіліс Төрағасы

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың мамыр айында елордада «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық парламенттік конференция өткізу жоспарлануда.
None
None
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Парламент жұмысындағы басым бағыттардың бірі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету барысында Қазақстанның бастамасын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Мәжіліс 2009 жылдың мамыр айында «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық парламенттік конференция өткізуді жоспарлап отыр», деді Төраға. Сонымен бірге, жалпы заң шығару үдерісінің сапасын жақсарту, отандық заңнаманың тиімділігін арттыра түсу мәселесіне тоқталған О. Мұхамеджанов, Мәжілістегі фракцияның партиялық ықпалын пайдалана отырып заңдардың, сондай-ақ экономиканы дамыту мен азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі бекітілген бағдарламалардың орындалуына бақылау ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Мәжіліс Төрағасы бұдан басқа биылғы жылға жоспарланған шараларға да шолу жасады. Оның айтуынша, алдағы наурыз айында «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 ? 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» атты парламенттік тыңдау жоспарланған. «Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді, жоғары ұлттық жүйесін жасау ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан да парламенттік тыңдаудың осындай өзекті тақырыбы таңдалды. Мұндай жүйе жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге, шетелдік жұмыс күшін алмастыра алатын, жаңа технологияларды игере отырып жұмыс істеу үшін қажетті жоғары біліктілігі әрі іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті қазақстандық кадрларды қалыптастыруға ықпал ететін болмақ», деді О. Мұхамеджанов.
Соңғы жаңалықтар