Ағымдағы жылдың маусым айында инфляция 2008 жылдың желтоқсан айына қарағанда 3,9 пайызды құрады - Б. Сұлтанов
ыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Ағымдағы жылдың маусым айында инфляция 2008 жылдың желтоқсан айына қарағанда 3,9 пайызды құрады. Бұл 2008 жылдың маусымына қарағанда 1,8 пайыздық тармаққа төмен.
Бұл туралы бүгін бірінші жарты жылдықтың қорытындысына арналған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарайды ҚазАқпарат.
«Инфляциялық процестерді реттеу жөніндегі қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде тұтыну нарығындағы бағаның өсуі баяулады. Осы жылдың 6 айында орташа жылдық инфляция 8,7 пайыз болды, бұл 2008 жылдың маусым айына қарағанда 10,3 пайыздық тармаққа төмен», деді министр.
Оның айтуынша, өңірлер бойынша алғанда тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің бағасы Оңтүстік Қазақстан облысында 4,4 пайызға, Атырау облысында 4 пайызға, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында әрқайсысында 3,7 пайызға және Алматы қаласында 4,6 пайызға өскен.