Ағымдағы жылдың шілдесінде сұрау салынған кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі елеулі өзгерген жоқ
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың шілдесінде сұрау салынған кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі елеулі өзгерген жоқ,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары ағымдағы жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың кемуін және дайын өнiм қорларының болмашы өсуін атап өткен. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің төмендегенін айғақтайды. Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа кеміп, +15 пайызды құрады. Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша 2011 жылдың қазанына дейiн iскерлiк белсендiлiктің өсуі күтіледі.
Сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, 2011 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда тауар айналымының және тауар қорларының өзгермеуі олардың іскерлік белсенділігіне әсер етті. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі өзгергемеді және +5 пайызды құрады.
Сауда кәсіпорындары басшыларының болжамды бағалауы бойынша 2011 жылғы қазанға дейiн олардың iскерлiк белсендiлiгінің өсуі күтіледі.