Ағымдағы жылдың соңына дейін 52 ауыл сумен жабдықтаумен қамтылады - С. Нокин

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін 52 қазақстандық ауыл сумен қамтылады, деп хабарлады өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
None
None

«Ағымдағы жылы сумен жабдықтаудың 126 нысанын пайдалануға беру арқылы 52 ауылды сумен қамту жоспарланып отыр», -деді С. Нокин.

Сонымен қатар, ол биылғы жылы бағдарламаның 168 жобасы жүзеге асырылатынын, олардың 67-сі жаңа құрылысқа, ал 101-і жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталғанын мәлімдеді.

Барлығы, вице-министрдің мәліметінше, 2013 жылы сумен жабдықтау мен су бұрудың 4176 км желісін, оның ішінде қалаларда 841 км және ауылдарда 3335 км салу және жөндеуден өткізу жоспарланған.

«Осылайша, сумен жабдықтау желілерін жөндеуден өткізу аясында 74 ауылда ұсынылатын қызметтердің сапасы жақсартылады», - деп басып айтты ол.

2013 жылы барлығы «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 113 млрд теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар