Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша ел халқының саны 16,5 миллион адамды құрады - Статистика
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша ел халқының саны 16,5 миллион адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда республика халқының саны 0,3 пайызға өскен. Халық санының ең жоғары өсімі Астана (10542 адам), Алматы (18957 адам) қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысында (12212 адам) тіркелген. Ал кемуі Шығыс Қазақстан облысында (1075 адамға кем) байқалған.
Маңғыстау облысында, Астана мен Алматы қалаларында халық санының көбеюі табиғи өсіммен қатар көші-қон есебінен орын алды. Ал Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында табиғи өсім есебінен көбейді. Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында халықтың табиғи өсімінің төмендігінен адам санының кемуі байқалады. Аталған өңірлердегі көші-қонның төмендеуі де халық санының азаюына әсерін тигізуде. Ал Солтүстік Қазақстан облысында табиғи өсімнің кемуі байқалуда.