13:45, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Ағымдағы жылғы 8 айда парақорлыққа делдалдық фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 8 айда парақорлыққа делдалдық фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Парақорлыққа делдал болғандығы дәлелденген Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Клейманға соттың шешімімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы кесілді. Ол 2012 жылғы 8 тамызда Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы Нығметжановқа азаматтық іс бойынша оңды шешім шығару үшін 100 мың теңге көлемінде пара берген»,- деді ол.