Ағымдағы жылғы астық түсімі 14,5-15,5 миллион тонна болады деп болжануда - Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылғы астық түсімі 14,5-15,5 миллион тонна болады деп болжауда. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында аталған ведомствоның вице-министрі Арман Евниев айтты.
None
None

Өткен жылы елімізде рекордтық астық жиналғандығын атап өткен ол «жыл сайын рекорд астық жинала бермейді. Дегенмен, менің ойымша 14,5-15,5 миллион тонна аралығындағы дәлізде астық жинаймыз», деді. Сонымен қатар вице-министрдің атап өтуінше, әлемдегі ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіретін Қазақстан биыл сыртқы нарыққа 6,5 миллион тонна астық шығаратын болады. «Соңғы жылдары жылына шамамен 6,5 млн. тонна астық экспорттаймыз. Меніңше, астық экспорты бұл көрсеткіштен төмен болмайды деп болжауға толық негіз бар», деді А.Евниев.

Оның мәлім етуінше, ағымдағы маркетинг жылында Қазақстан 8,3 миллион тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 36 пайызға артық. Сонымен қатар өткен жылғы астықтың қалдығы 8,6 миллион тоннаны құрап отыр. «6 млн. тонна астықтың басым бөлігі элеваторларда, ал 2,6 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қолында», деп нақтылай түсті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар