Ағымдағы жылғы басты міндет - экономикадағы тұрақты өсімді қамтамасыз ету - Үкімет басшысы

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі таңда қол жеткізілген экономикадағы тұрақты өсімді ұстап тұруды қамтамасыз ету ағымдағы жылғы басты міндет болып табылады. Бүгін селектор форматындағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз 2009 жылды тәп-тәуір нәтижелермен аяқтадық. Ендігі жаңа міндет - оң нәтижелер аздық етеді, біз экономикада қол жеткізілген тұрақты өсімді қамтамасыз етуіміз қажет. Тұрақты өсім - 7 пайыз. Осы цифрдың төңірегінде жұмыс істеп, қосымша резервтерді тауып, жұмылдыруымыз керек», деді Премьер-Министр.

Осы орайда Үкімет басшысы бірінші жарты жылдықта және жыл қорытындысы бойынша Ішкі жалпы өнімнің қазіргі қол жеткізілген деңгейін ұстап тұру үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне тарта түсуді қажет ететін базалық көрсеткіштерді қарауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Үкімет басшысы 2010 жылдың алғашқы 4 айында Ішкі жалпы өнімнің өсімі 7,6 пайызды құрағанын атап көрсетті. «Маған бүгін таңертең Статистика агенттігі алғашқы 4 айдың нәтижесін баяндады. Олар айтарлықтай көңіл қуантады. Алғашқы 4 айда ішкі жалпы өнім алдын ала дерек бойынша, 7,6 пайызды құрады», деді Премьер-Министр. Үкімет басшысының пікірінше, бұл іс жүзінде тәуір нәтиже болып табылады.

Соңғы жаңалықтар