Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне баға 11,3 пайызға өсті

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне баға 11,3 пайызға өсті.

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне баға 11,3 пайызға өсті

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы маусымда өткен 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы өсімдік шаруашылығы өнімі 14,5 пайызға, мал шаруашылығы өнімі - 6,7 пайызғаға қымбаттаған. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға бидайға 16,4 пайыз, арпаға - 13,8 пайыз, сұлыға - 12,8 пайыз, қарақұмыққа - 6 пайыз, жүгеріге - 5 пайыз, қара бидайға - 4,5 пайыз, күрішке - 3,2 пайызға өсті. Сонымен қатар, қырыққабат 27,3 пайызға, картоп - 18,2 пайызға, асханалық қызылша - 18 пайызға, басты пияз - 16,2 пайызға, сәбіз - 11,3 пайызға қымбаттаған. Баға өсімі күнбағыс тұқымына 11,4 пайызды, бұршаққа - 5 пайызды құрады.

Бұдан бөлек, баға қой етіне 16 пайыз, ірі қара мал етіне - 15,2 пайыз, жылқы етіне - 8,4 пайыз, құс етіне - 3,7 пайыз, шошқа етіне - 2,3 пайызға өскен. Ал шикі сүт 8,9, жүн - 5,5 пайызға, бал - 5,1 пайызға қымбаттап, жұмыртқа 18,8 пайызға арзандады .