Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта құрылыстағы баға 3 пайызға өсті

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің хабарлауына қарағанда, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі құрылыстағы баға 3 пайызға артты.

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта құрылыстағы баға 3 пайызға өсті

Атап айтқанда, агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы маусымда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс-монтаж жұмыстарына баға 3,1 пайызға, машиналар мен жабдықтарға - 3,7 пайызға, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 2,2 пайызға өскен.

Бұдан бөлек, жартыжылдық ішінде құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасы 0,8 пайызға өсті. Сонымен қатар, жиналмалы болат конструкциялар 6,2 пайызға, портландцемент - 2,2 пайызға, құрылыс құмы - 1,8 пайызға, ағаш-талшықты тақталар - 1,7 пайызға, ғанышкартон - 1,5 пайызға, олифа - 1,4 пайызға қымбаттады.

Керісінше, суық асфальтбетон 1,3 пайыз, құрылыс жұмыстарына арналған ғаныш және көп қуысты жабындардың және аражабындардың тақталары - 0,5 пайыздан, әрлеу құрылыс ерітіндісі - 0,1 пайызға арзандаған.