Ағымдағы жылғы қаңтар-шілде айларында еліміздегі жүк айналымы 10,4 пайызға өсті - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. Тамыздың 12-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы қаңтар-шілде айларында еліміздегі жүк айналымының көлемі 201,3 млрд. т/шм-ды құрап,
None
None

2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,4 пайызға өсті.

Сонымен қатар, 2010 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 460,0 млрд. теңгеге жеткен. Бұл өткен 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға артық көрсеткіш. Ал есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2 трлн. 257,6 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 2,9 пайызға кем болып отыр.

Бұдан бөлек, есепті кезеңде еліміздегі бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 158 трлн. 996 млрд. 8,7 млн. теңгені құрап, оның деңгейі 2009 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 13,3 пайызға өсті. Сондай-ақ, аталған мерзім аралығында тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 74 млрд. 617,7 млн. теңгені құрады және бұл көрсеткіш 2009 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары.

Соңғы жаңалықтар