Ағымдағы жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы сәйкес мерзімге қарағанда 4,6 пайызға өсті

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат -  2012 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғарылады.

Ағымдағы жылғы наурызда  азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы сәйкес мерзімге  қарағанда 4,6 пайызға өсті

Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы наурызда 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға кондитерлік өнімдерге 7,7 пайызға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 6,1пайызға, сүт өнімдеріне - 5,5 пайызға, кофе, шай және какаоға - 5 пайызға, балық және теңіз өнімдеріне - 4,7 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,4 пайыз деңгейінде, макарон өнімдеріне - 2,7 пайызға, нанға - 1,9 пайыз, май және тоң майға - 0,4 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі қантқа 17,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 16,2 пайыз, жармаларға - 8,2 пайыз, ұнға - 4,9 пайыз деңгейінде  байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 20,1 пайызды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 29,1 пайызға, қой етіне - 28 пайызға, жылқы етіне - 22,3 пайызға, шошқа етіне - 15,8 пайызға, шұжық өнімдеріне - 9,4 пайыз, құс етіне  5,4 пайызға жоғары болды