18:22, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ағымдағы жылғы тамызда жұмыссыздар саны 496,7 мың адамды құрады - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылғы тамызда жұмыссыздар саны 496,7 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін елордада еліміздің ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Ағымдағы жылғы тамызда жұмыссыздар саны 496,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,7 пайызына тең», деді ол.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны ағымдағы жылғы тамыздың соңында 70,3 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,8 пайызын құраған.