Ағымдағы жылғы тоғыз айда құрылыстағы баға 2,2 пайызға өсті

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қыркүйекте өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс-монтаж жұмыстарына бағалар 2,2%, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 2,9%, машиналар мен жабдықтарға - 1,2%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Ағымдағы жылғы тоғыз айда құрылыстағы баға 2,2 пайызға өсті

«Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағалары 0,2%-ға өсті. Бетондар мен ерітінділер 4,9%, бояулар мен эмальдар - 1,7%, битум - 1,5%-ға қымбаттады»,-делінген хабарламада.

Профильдер мен бұрыштар бағасы 2,6%, жайма болат - 1,5%, отқа төзімсіз қыш кірпіштер - 1,1%, электржарықтандыру жабдықтары - 1%, табақты шыны - 0,6%-ға төмендеді.