Ағымдағы жылы 2003 жылы кезекке тұрған елордалықтар баспаналы болады

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта мемлекеттік қордан баспана алуға кезекке тұрғандардың саны 23 391 адамды құрайды,

Ағымдағы жылы 2003 жылы кезекке тұрған елордалықтар баспаналы болады

деп жазды Астана қаласының әкімі  Иманғали Тасмағамбетов өзінің шағын блогына.

Олардың 11 607-сі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жатады. «2008 жылдан бастап біз коммуналдық қордан 1500-ден астам адамға пәтер бердік әрі бұл жұмыс одан ары жалғасатын болады. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес пәтерлер кезек бойынша беріледі. Ағымдағы жылы біз 2003 жылы кезекке тұрғандарды баспанамен қамтамасыз етеміз», - деп жазады әкім.