Ағымдағы жылы 322 мың адам жұмысқа тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарында азаматтарды жұмысқа тартудың кешенді жоспары әзірленді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
None
None

«2011 жылдың жарты жылдығынан бері басталған «Жұмыспен қамту» бағдарламасының негізінде біз 462 мың адамды жұмыспен қамтыдық. Соның ішінде 60 пайыздан, яғни 300 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына жіберілді. Ал өткен жылы біз 182 мың адамды жұмыспен қамтысақ, соның 152 мыңы тұрақты жұмыс орнына жіберілген болатын. Жалпы, біз тұрақты жұмысқа жіберілген азаматтарды 10 пайыздық зейнетақы жарнасының төленгеніне қарап, есептеп отырмыз», - деді министр депутаттардың сауалына орай.

«Жұмыспен қамту» бағдарламасы тек қана азаматтарды жұмысқа тартумен емес, сонымен бірге дағдарысқа шараларды да қамтығанын атап өткен Т.Дүйсенова бағдарламаға енгізілген оң өзгерістерге де тоқталды.

«Биылғы жылғы оң өзгеріс, жаңа тетігіміз Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамту мәселесі тек қана біздің «Жұмыспен қамту» бағдарламызда ғана емес, сонымен бірге елімізде атқарылып жатқан барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларда қаралғалы отыр. Барлық облыстарда жұмысқа тарту кешенді жоспары бекітілді. Соның арқасында 322 мың адамды биылы жұмысқа тартамыз деп отырмыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар