13:23, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Ағымдағы жылы 4 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары жөндеуден өтті
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 4 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары жөндеуден өтті.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
Оның айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің 1,5 мың шақырымында қозғалыс ашылды. Ал "Жезқазған - Бейнеу" және "Арқалық - Шұбаркөл" теміржол желілерінің құрылыстары жүріп жатыр.
«Бұл жолдар Қазақстанның көлік саласы тарихында алғаш рет еліміздің батысы мен шығысын байланыстырады. Сондай-ақ, Жезқазған өңірі мен Арқалық қаласының проблемаларын шешуге ықпал етеді»,-деді Б. Сағынтаев.