Ағымдағы жылы 98 күрделі ота жасалды - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА, 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында қарастырылған шаралардың аясында елімізде жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік артып отыр.

Ағымдағы жылы 98 күрделі ота жасалды - Денсаулық сақтау министрлігі

Ағымдағы жылы 98 осындай күрделі операция жасалды, деп хабарлады pm.kz сайты.

Атап айтқанда, 2011 жылы тірі донорлардан бүйрек алып салудың 13 операциясы жасалған (2009 жылы - 4 операция), жұлын миын аутологиялық трансплантациялаудың 7 операциясы, аорта тамырларын эндопротездеудің 6 операциясы жүзеге асырылған.