Ағымдағы жылы 994 шақырым желі және 7 қазандық жаңғыртылады - ТКШ агенттігі

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 994 шақырым желі және 7 қазандық жаңғыртылады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің қатысуымен өткен ведомствоның алқа мәжілісінде айтылды.

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын бекітті әрі оның аясында еліміздің барлық өңірлерінде көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу басталды.

«Коммуналдық секторда ағымдағы жылы құны 16,2 млрд. теңге болатын 70 жобаны іске асыру көзделген. 994 шақырым желілерді және 7 қазандықты жаңғырту жоспарланып отыр. 2012 жылдың бірінші жарты жылына 8,1 млрд. теңге сомасында қарастырылған қаражат жергілікті атқарушы органдарға толық көлемде аударылды. Ағымдағы жылы жөндеуді талап ететін желілердің үлесін, мәселен, жылумен жабдықтау желісін 61 пайызға дейін, электрмен жабдықтау желісін 71 пайызға дейін, газбен жабдықтау желісін 53 пайызға дейін азайту күтіліп отыр», - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Сонымен қатар «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу, қайта жаңарту, жаңғырту іс-шараларын 116,9 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру көзделіп отыр. Соның ішінде қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 47,5 млрд. теңге (104 жоба), ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 42,2 млрд. теңге (238 жоба)  бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар