Ағымдағы жылы агрокешен субъектілерінің 500-ге жуық қарыз шартының субсидиялануы мақұлданды
шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 12,3 млрд. теңгені құрайды. Мақұлданған шарттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейінгі субсидиялар мөлшері 1,9 млрд. теңгеге тең. Соның ішінде ағымдағы жылға 682,2 млн. теңге субсидия қаралған. Бұл туралы «Қазагромакетинг» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Субсидияланған несиелер ішінде:
айналым қаражатын толықтыру бойынша 204 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 489,3 млн. теңге);
негізгі құралдарды сатып алу мен құрылысқа берілген 154 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 104,1 млн. теңге);
ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының лизингі бойынша 132 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 88,8 млн. теңге) бар.
Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер 28 қаржы институтынан келіп түскен.
Жалпы мақұлданған субсидиялар сомасының 31,7% Ақмола облысының үлесіне тиесілі, бұл аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия сомасы 216,6 млн. теңгені құрайды.
Жалпы мақұлданған субсидиялар сомасының 15,7% Алматы облысының үлесіне тиесілі, бұл аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия сомасы 107,7 млн. теңгені құрайды.
Жалпы мақұлданған субсидиялар сомасының 14,8% Солтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі, бұл аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия сомасы 101,4 млн. теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығы салаларының ішінде:
- мал шаруашылығы бойынша 290 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 123,5 млн. теңге);
- өсімдік шаруашылығы бойынша 121 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 222,1 млн. теңге);
- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша 37 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 249,3 млн. теңге);
- аралас ауыл шаруашылығы бойынша 42 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 87,1 млн. теңге) мақұлданды.
Еске сала кетсек, бұл қолдау бағдарламасы несиелік/лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау жолымен қаржылық қызметтердің агрокешен субъектілеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.