Ағымдағы жылы әлем бойынша ұялы телефонға қосылғандардың саны 4 миллиардтан асады

АСТАНА.  Тамыздың  10-ы.  ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы әлем бойынша  ұялы  телефонға қосылғандардың саны 4 миллиардтан асады. Ақпараттық технологиялар,  телекоммуникациялар    және   жаңа  байланыс  құралдары жөніндегі  федералдық   одағы  (БИТКОМ) осындай  болжам жасады,

Ағымдағы жылы әлем бойынша  ұялы  телефонға қосылғандардың саны 4 миллиардтан асады

деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

2008  жылы әлемде ұялы  байланыс  жүйесіне  қосылғандардың саны 3,9 миллиард  болған, ал 2009 жылы   олардың саны 4,4 миллиардқа жетеді,  деп    хабарлады БИТКОМ  президиумының мүшесі  Фридрих Йоуссен. Оның айтуынша,  «ұялы байланыстың  қызметін пайдалану   көрсеткіштері  әсіресе,  дамушы елдер мен    өтпелі   экономика жағдайындағы  елдерде    жоғары».

Атап айтқанда,   Үндістанда   биыл   ұялы  телефонды пайдаланушылардың  саны  шамамен 32 пайызға өсіп,   457 миллион   адамға жетеді  деп  пайымдалуда.   Бразилияда  бұл көрсеткіш    сәйкесінше,   14 пайызды  және 172 миллионды, ал Қытайда - 12 пайызды және  684 миллионды   құрайтын болады.