Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжам бойынша 9 пайызға азаяды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжам бойынша 9 пайызға азаяды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжам бойынша 9 пайызға азаяды

«Өткен жылғы жиналған егіннің рекордты көлеміне қарағанда ағымдағы өсімдік шаруашығы өнімдері көрсеткіштерінің төмен болуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжам бойынша 9 пайызға азаяды», деді министр өз сөзінде.

Сонымен қатар Ж.Айтжанова ауыл шаруашылығы өнімдері көрсеткішінің төмен болуына үстіміздегі жылғы қолайсыз ауа райының әсер етіп отырғандығын баса айтты.