Ағымдағы жылы бастырылған астықты сақтауға қатысты мәселе туындамайды - ҚР АШМ

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандағы қоймалар ағымдағы маусымда астық сақтауға жеткілікті болады. Бұл туралы primeminister.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None
«Астық сақтауға арналған бар сыйымдылықтардың жалпы көлемі 24,6 млн. тоннаны құрайды, бұл ағымдағы маусымның астығын сақтауға жеткілікті», - делінген ведомство мәлімдемесінде.Сонымен, республикада қоймалардың жалпы сыйымдылығы шамамен 13,9 млн. тонна болатын 214 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс жасайды және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде 10,7 млн. тонна көлемінде астық сақтауға мүмкіндік беретін қоймалар бар. «Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша астық қабылдау кәсіпорындарына шамамен 6 млн. тонна биылғы астық бастырылды, оның ішінде жұмсақ бидай - 5,2 млн. тонна», - атап өтілген АШМ мәліметінде. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 20,7 млн. тонна дәнді дақыл жинады. Астықтың орташа шығымдылығы гектарына 13,3 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен гектарынан 3,8 центнерге жоғары.
Соңғы жаңалықтар