Ағымдағы жылы экспорт көлемі 59 млрд. АҚШ долларын құрайды - министр

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы жылы Қазақстанның экспорт көлемі 59 058,4 млн. АҚШ долларын құрайды.

Ағымдағы жылы экспорт көлемі 59 млрд. АҚШ долларын құрайды - министр

Бұл туралы бүгін биылғы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылау туралы Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

«2011 жылы экспорт көлемі болжам бойынша 59 058,4 млн. АҚШ долларын құрап, бұдан бұрын мақұлданған болжаммен салыстырғанда 5 515,2 млн. АҚШ долларына жоғары болады»,-деді министр.

Ж. Айтжанованың сөзіне қарағанда, экспорт бойынша көрсеткіштердің жоғары болуы негізінен ауыл шаруашылығы тауарлары мен негізгі металдарға әлемдік баға болжамының жоғары болуына байланысты қалыптасып отыр.

«2011 жылы импорт болжам бойынша 33 768,9 млн. АҚШ долларын құрайды. Мақұлданған болжамнан 464,1 млн. АҚШ долларына жоғары»,-деді ведомство басшысы.