Ағымдағы жылы елге 4,5 мыңнан астам етті мүйізді ірі қара әкелінеді
АЛМАТЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2016 жылға дейін етті аналық басының саны 300 мыңға дейін жететін 2,5 фермерлік шаруашылық құрылады.
Бұл туралы бүгін Алматыда 6-Орталық Азиялық халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі аясында өткен конференцияда айтылды.
"2011-2015 жылдары 150 мың бас малға арналған азықтандыру орны салынады. Репродукторлық шаруашылықтарға 75 мың бас шетелдік селекциядағы етті мал әкелінеді. Оның ішінде ағымдағы жылы 17 мың бас малға арналған жемдеу орнының құрылысы басталды. 4,5 мыңнан астам етті мүйізді ірі қара әкелінеді. Фермерлік шаруашылықтарға 45 мың бас аналық мал беріледі", - дейді Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов. Оның айтуынша, қазіргі таңда селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық талдау жүйесі жасалып, пайдануға берілді. Ол есептеу мен табындарды жасауды басқару орталықтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ етті малда табындарды басқару және консалтингтік орталығы құрылды.