Ағымдағы жылы елімізде тұмау және ЖРВИ-ға шалдығу 10,1 пайыз азайды - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елімізде тұмау және  жедел респираторлық вирусты инфекцияға (ЖРВИ) шалдығу 10,1 пайызға азайды.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Аталған ведомствоның Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ақпаратына қарағанда, елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2012 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ботулизммен сырқаттанушылық деңгейі 5,3 есе, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық - 2,7 есе, жіті вирустық гепатит - 2,7 есе, сарып ауруы - 34,8, қышыма - 34,1, жіті ішек инфекцияларының топтары - 20,8, сальмонеллез-  14,2, педикулез - 10,4, тыныс алу ағзаларының туберкулезы - 7,3, мерез 6,0 пайызға азайғаны байқалады.

Тұрғындардың аса қауіпті инфекциялармен, безгекпен, іш сүзегімен, паратифпен, дифтериямен, полиомиелитпен, сіреспемен ауыру жағдайы тіркелген жоқ.

«ЖРВИ және тұмау маусымы аяқталуда. 2010-2011 жылдың эпидемиялық маусымымен салыстырғанда ағымдағы жылы ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық 10,1 пайызға азайғаны байқалады. Ағымдағы жылғы эпидмаусымда тұмау алдыңғы маусымға қарағанда 30 пайызға аз тіркелді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай халықты тұмауға қарсы вакцинациялаудың 1,3 есеге артуымен, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуімен байланысты.

Соңғы жаңалықтар