Ағымдағы жылы «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елімізде «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өндірістік іске қосылады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
«Ағымдағы жылы шынайы уақыт режімінде еңбек жағдайын есепке алу және мониторинг, өндірістік жарақат серпіні, еңбек қатынастары және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар мен оларды жоюды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өндірістік іске қосылады», - деді ол.
Б.Нұрымбетовтің атап өтуінше, кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесі бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізу бағытындағы жұмыстар да өз жалғасын табатын болады.