Ағымдағы жылы индустриялық нысандарды қолданысқа енгізу арқылы 25 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылады - Ө. Шөкеев

аурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылы жоспарланған индустриялық нысандарды қолданысқа енгізу арқылы 25 мыңға тарта жаңа әрі тұрақты жұмыс орындары қамтамасыз етіледі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Өңір» депутаттық тобының отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті,

Ағымдағы жылы индустриялық нысандарды қолданысқа енгізу арқылы 25 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылады - Ө. Шөкеев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылдан бастап халықты жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашылады. Жаңа жұмыс орындарын құру - бұл халықтың табысты болуын білдіреді. Ағымдағы жылдың өзінде, жоспарланған индустриялық нысандарды қолданысқа енгізу арқылы 25 мыңға тарта жаңа әрі тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ететін боламыз. Ал жақын аралықтағы үш жыл ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру барысында 200 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылады», деді Ө. Шөкеев.