Ағымдағы жылы инфляция деңгейі төмендеуі мүмкін - Ә.Сәйденов

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2009 жылда еліміздегі инфляция деңгейі төмендеуі мүмкін.
None
None
Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов осындай болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта инфляцияның деңгейі төмендеуі ықтимал. Бірақ баға саясатында керісінше тауар қымбатшылығы байқалады. «2009 жылда республика бойынша бағалардың жоғарылауы сезілсе де, ел экономикасына түсетін инфляциялық қысым төмендейді», - деді Ә.Сәйденов. ҚР Ұлтық банкі төрағасының айтуынша, ҚР Үкіметі, Ұлттық банк пен Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын бақылау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде 2009 жылдағы инфляцияның деңгейі 9 пайызға белгіленіп отыр.
Соңғы жаңалықтар