Ағымдағы жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 7 пайызды құрайды - ҚР Ұлттық банкі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге бағамын түзету нәтижесінде ағымдағы жылы Қазақстан Жалпы ішкі өнімінің өсімі 7 пайыздық деңгейде болжануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Өткен аптада теңге бағамына түзетулер өткізгеннен кейін біз қандай макроэкономикалық өзгерістердің орын алатындығын есептеудеміз. Қазірдің өзінде экономикалық өсімнің 7 пайыздық деңгейде болатындығы байқалады», - деді ол.
Сонымен бірге Қ.Келімбетов 2014 жылғы инфляциялық болжам да 6-8 пайыздық деңгейде екендігін атап өтті.