Ағымдағы жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігінің алты басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотқа тартылды
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Соңғы бес жылда армия ортасында қылмыс деңгейі үштен бірге қысқарды.
Мұндай оң өзгерістерге қалай қол жеткізілгені және басқа да проблемалар жайлы ҚР бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов айтып берді, деп жазады «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Ольга Файнштейн «Әскерде құқық бұзушылылықты төмендету қажет» деген мақаласында.
Ағымдағы жылы біздің негізгі күш-жігеріміз Қарулы күштердегі құқық бұзушылықты төмендетуге бағытталды, деді Е.Мерзадинов. Бұл жұмысты біз алдын алу-ескерту шараларын жүзеге асыра отырып, басқа әскери ведомстволармен өзара іс-қимылда жүргіздік. Бұл орайда біз олардың жеке түрлерін, әскерлер мен қызметтер түрлерін толықтай кешенді тексеру тәжірибесіне көштік.
Атап айтқанда, армиядағы жемқорлық күреспен қатаң күрес жүргізіуде. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жедел тексеру тәжірибесі Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінде қылмыстық жолмен баюдың күрделі схемасын ашуға мүмкіндік берді.
Осылайша, «Батыс» Шекара әскерлері аймақтық басқармасының бастығы генерал Ілиясов басқарған қылмыстық топтың мүшелері сотқа тартылды. Бұл ҰҚТ қызметі елдің батыс шекарасында жасырын көші-қон үдерістеріне жәрдемдескен.
Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Хасеновке және басқа да лауазымды адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, олар шекара заставалары құрылысына бөлінген 319 млн. теңгені ұрлаған.
Қару-жарақтарды мемлекеттік сатып алу мәселелерін шешуде «Укрспецэкспорт» украин компаниясының өкілдерінен олардың мүдделеріне қамқорлық жасағаны үшін пара алуға айыпталған Қорғаныс министрлігінің қару-жарақ бас басқармасының бұрынғы бастығы генерал Әсенов 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Осы компания өкілдерінен пара алуға айыпталған Рахымжанов бастаған Шекара қызметінің Авиациялық басқармасының қызметкерлерін тергеу аяқталып, іс сотқа берілді.
Бүгінде тұрғын үй сатып алуға бөлінген 300 миллионнан астам теңге көлеміндегі бюджет қаржысын ұрлау фактісі бойынша Шекара қызметінің директорының орынбасары Алшынбаевқа қатысты қылмыстық іс Бас әскери прокурордың арнайы прокурорының өндірісіне алынған.
Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары генерал Бөлдешевке қатысты қылмыстық іс аяқталып келе жатыр.
Әскери прокурорлар бірінші жартыжылдықта аяқталған істер бойынша келтірілген залалдың 70 пайызын өндіріп алуды қамтамасыз етті.
Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша мемлекет кірісіне 600 млн.-нан астам теңге қайтарылды, ал әскери ведомстволардың талап-шағымдары бойынша мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жарты миллиард теңгеден астам айыппұл санкциялары өндірілді.